View the embedded image gallery online at:
https://arkalykmuzeum.kz/kz/eksponattar.html#sigFreeIdb3eab41e72

«Арқалық – ғарыш айлағы» экспозициясынан келушілер, ғарышкерлердың жеке заттарымен, ғарышта қолданатын құрал-жабдықтарымен  және тағамдарымен танысалады.


 

Мұражайға келушілер адам өміріндегі ең алғашқы кезең  палеолит дәуіріндегі алғашқы адамдар, Торғай даласының Тоқанай елді мекені жанынан табылған қосақтап жерленген ерлі–зайыпты адамдардың сүйегі, қола дәуіріндегі тіршілік, андронов мәдениеті жайында кеңінен мәлімет ала алады.


 

 

View the embedded image gallery online at:
https://arkalykmuzeum.kz/kz/eksponattar.html#sigFreeIdfaccb6f7e9
                  

Алғашқы адамдардың тұрағы                    Қосақтап жерленген адам.


 

          

Арқалық ауданындағы Қожай елді мекенінен табылған  Қожай     коллекциясы.

Коллекция Кожай, найденная в местности Кожай

Аркалыкского района.


 

 

Жылқы малын алғаш рет сақтар қолға үйрете бастады. Қазақстандағы ескі қорымдар мен ежелгі тұрақтардың орнына қазба жұмыстарын жүргізу барысында және жер жырту кезінде адам денелерімен қатар жан-жануарлардың сүйегі және ат-әбзелдері көптеп табылды. Солардың бірі біздің құнды жәдігеріміз Есіл ауданынан табылған ат-әбзелдерінің бірі – өмілдірік.


                                                                                  

1723 жылы қазақ даласына шабуыл жасап «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшыратқан жонғарлардың бетін қайтарған 1729 жылғы атақты Аңырақай шайқасы болды.


 

ХVІІІ ғасыр -  ел тізгінін білгірлікпен ұстап, елге тұтқа болған    Абылай, Әбілқайыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Қаракерей  Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек сынды  батырлардың ерлік заманы.


 

 

        

 

1864 жылы Торғайда алғаш мектеп ашқан, ұлы ағартушы, педагог, «Кел балалар оқылық...»-деп күллі қазақ балаларының санасын оятып, білім шырағын жаққан Ыбрай Алтынсарин атамыздың құнды мұралары да біздің экспозициямыздан орын алған.


 

 

View the embedded image gallery online at:
https://arkalykmuzeum.kz/kz/eksponattar.html#sigFreeId711af284b2

1941-1945 жылдары аралығындағы Ұлы Отан соғысына арналған залдан отан қорғауға Торғай өңірінен аттанған екі жұз алпыстан астам соғыс ардагерлерінің  фотосуреттері, құжаттары, орден–медальдары, комсомолдық-партия билеттерін көруге болады.


 

1954 жылы ақпанда ИК КПСС орталық комитеті пленумі елімізде астық өндіруді одан ары арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылдады.

 

 

Тың игерушілерге арналған шатыр.

 


 

 

1918 жылы тамыз айында Кеңес үкіметі Қазақстанға оқ-дәрі, қару-жарақ артқан экспедиция жіберді. Бұл экспедицияны Торғай өлкесінің сол кездегі төтенше соғыс комиссары Ә. Жангелдин басқарды.

View the embedded image gallery online at:
https://arkalykmuzeum.kz/kz/eksponattar.html#sigFreeId0963847e7d
                              

«Қызыл керуен» экспедициясы.


                               

 

Совет үкіметі орнағаннан кейін мәдени революция басталды. Мәдениет дами бастады. Мәдениеттің дамуына үлес қосқан, сол кездегі ұлттық музыка аспаптарында ойнаған ақын-жырау, күйші, қобызшылар болды.


 

Маңдайшаларының тұсына қызыл жылаулар  ілінген киіз үйлердің ішінде елге насихат жұргізетін үгітшілер,  дәрігерлік көмек көрсететін дәрігерлер, тағы сол сияқты халықпен жұмыс істейтін қоғам қайраткерлерінің жиналатын отау үйі.

 Қызыл отау


 

Қазақ даласында завод, фабрикалар болмаған кезде, үлкен елді мекендерде зергерлік бұйымдар мен қару-жарақ соғатын, ат тағалайтын, басқада күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттар жасайтын ұсталар мен ұстаханалар болған.

                            

Ұстахана


 

Торғай даласында ағаш шауып, темір жонып, алтын-күмісті балқытып әшекей бұйымдарын жасайтын он саусағынан өнер тамған шеберлер мен зергерлер де көп болған. 

           

Зергерлік өнердің тамаша туындылары


                                                                      

 

Мұражайдың құнды жәдігерлерінің бірі – XIX ғасырда белгісіз араб  шеберінің қолынан шыққан асадал мен төсекағаш.


 

Қазақ халқының ежелден келе жатқан көшіп-қонуға ыңғайлы баспанасы-киіз үй.

View the embedded image gallery online at:
https://arkalykmuzeum.kz/kz/eksponattar.html#sigFreeId86bd225f2b

Кигіз үйдің ішкі көрінісі


     

Ертеде қазақтың сал-серілері ер- тұрмандарын әдемілеп жаңартып, аттарын жаратып, түзү мылтық асынып, қолына қыран бүркіт қондырып, жүйрік тазысын ертіп сауық-сайран құратын болған.

 

 

Қазақ әйелдерінің бас киімі ішіндегі ең сәнді де әдемісі- сәукеле.

Мұражайымыздағы бұл сәукеле Өзбекәлі Жәнібеков ағамыздың арнайы тапсырмасымен мәдени бұйымдарды қайта жаңғыртушы атақты шебер алматылық Қырым Алтынбековтың қолынан шыққан. Облыстық, республикалық көрмелерге қойылып, байқауларда бір неше рет жүлделі орынға ие болған.

 


 

1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы, батыр Амангелді Имановтың портретін 1947 жылы Амангелді батырдың көзін көрген туыстарының айтуы бойынша халық суретшісі Әбілхан Қастеев салған.

View the embedded image gallery online at:
https://arkalykmuzeum.kz/kz/eksponattar.html#sigFreeId1e2c32d949

А.Имановтың портреті.

 

1916 жылғы Торғайда басталған Ұлт-азаттық көтеріліске 50 мыңға таты көтерілісшілер қатысты, оған Әбдіғапар хан, Амангелді батыр, Кейкі батыр, Досай қажы Қалжігітұлы, Қосжан Маңыбайұлы, Қасымхан Алтынсарин, т.б. тұлғалар басшылық жасады.

1916 жылы 21 қазанда 4 мың көтерілісші Татыр көлі маңындағы казактар жүздігі мен Торғай уездік бастығының полиция отрядымен ұрыс жүргізген сәті.

       

 


View the embedded image gallery online at:
https://arkalykmuzeum.kz/kz/eksponattar.html#sigFreeId0a9511b638